ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Возможно, это изображение 19 человек и люди стоят
Түркістан облысы, Отырар ауданында ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 92 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты іс-шара өтті. «Шәмші» саябағында өткен іс-шара ұлы сазгердің ескерткішіне гүл қою рәсімі, кітап және сурет көрмесімен жалғасып, Шәмші музей үйін тамашалаумен бастау алды. Одан соң Отырар аудандық мәдениет сарайының қыздар дуэті шырқаған «Отырардағы той» әні халықтың көңілінен шықты.
Жиынның ашылу салтанатында Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов отырарлықтарды мерейлі күнмен құттықтап, даңқты композитордың мұрасы мәңгі тарихта қалатынын айтты. Белгілі композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.
Рухани кеш одан әрі аудан өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертімен жалғасын тапты. Әнші М.Танашованың орындауындағы «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», С.Әбдірайымов орындаған «Арыс жағасында», «Бастау» триосы орындаған «Қайықта» әндері жан тебірентіп, ұлы сазгерді тағы бір рет еске түсірді. Концерт әншілер тобы орындаған «Шалқыған Шәуілдір» әнімен қортындыланды.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында туған. Даңқты сазгер, қазақ эстрадасының көрнекті өкіліне биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *