ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ПАРАСАТ» КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Возможно, это изображение (13 человек и люди стоят)
Төлеби ауданында «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті. Аудан басшысы Төлеген Телғараевтың төрағалығымен өткен жиынға мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев және қоғам белсенділері қатысты.
Басқосу барысында пікірталасқа қатысушылар тіл мен дәстүр, құқықтық тәрбие мен сауаттылық, білім беру, азық-түлік пен құрылыс материалдарының бағасы жайында өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ клубтың жұмыс істеу тәртібін ақылдасып, келесі отырыстың төрағасы мен хатшысын сайлады.
Шара соңында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы «Парасат» пікірталас клубының басты мақсаты – аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, қоғам белсенділерімен тізе қосып шешу, пікірталас мәдениетін қалыптастыру екендігін айтып, жиынды қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *