ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінде болып, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында Таукент кентінің тұрғындары бірнеше мәселені көтерді. Соның бірі Жыныс ата шағынауданының тұрғындары электр желісінің жиі өшетінін айтып шағымданған болатын.
Аудан әкімі «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС Созақ аудандық электр жүйесі филиалының басшысы Ғабит Елбергенұлына көпшілік көтерген мәселені шұғыл шешуді тапсырған болатын.
Қазіргі таңда аталған шағын аудандағы трансформатор ауыстырылып, біршама бағаналар жаңадан қойылды. Электр сымдары тартылып, тұрғындар қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Онан бөлек, электр желісіне кедергі келтіретін тал бұтақтары қырқылып, ретке келтірілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *