Бәйдібекте полицейлер боранды күні қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесті

Бәйдібекте полицейлер боранды күні қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесті

Бәйдібекте полицейлер боранды күні қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесті

Түркістан облысында полицейлер боранды күні қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесті. Асуда қарға батып, кептеліс тудырған көліктерді сүйреп қауіпсіз жерге алып шыққан, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында орналасқан Мұзбел асуында «Мерседес» маркалы көлік қалың қардан жүре алмай қалған.

Соның салдарынан жолда кептеліс болды. Боранды түні жолда қалған жолаушылар тәртіп сақшыларының көмегімен қауіпсіз аймаққа шығарылған.

Учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Бағдат Құрақ пен полиция аға лейтенанты Ерболат Қыдырәлі «Нива» маркалы қызметтік көлігіндегі арнайы құралдарды пайдалана отырып, қар құрсауында қалған көліктерді сүйреп, көмек берген.

Осылайша жүргізуші мен оның жолаушыларын қауіпсіз аймаққа өткізген.

Өз кезегінде Созақ ауданының тұрғыны полицейлердің жанашырлығына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Мұнда қыдырып келген едік. Енді елімізге, Созаққа қайтуға шыққанбыз. Жолда көлігім қарға тығылып қалды. Қайта дәл уақытында полицейлер келіп көмек берді»,-дейді жолаушы.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және жол жүру ережелерін бұзбауды ескертеді.

Сондай-ақ, жүргізушілерге ауа райы нашар, боран болған кезінде жолға шығудан бас тартуға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *