Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Үкімет мүшелерімен амандасып, еліміздің негізгі экономикалық көрсеткіштерін және үкіметтің кеңейтілген отырысының ережесін айтты.

«Былтыр ел экономикасы 4 пайызға өсті. Бірақ, өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы өмірімізді түбегейлі өзгертті. Тәртіпсіздіктерден көп қазақстандық зардап шекті. Шағын және орта бизнес шығынға ұшырады. Кейінгі мәлімет бойынша, бизнеске 100 миллиард теңгеден астам шығын келген. Жаңа үкіметтің алдында ел экономикасын тұрақтандыру, сонымен қатар инфляцияны төмендету міндеті тұр. Бұл маңызды міндет», — деді Тоқаев.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы сөз кезегін премьер-министр Әлихан Смайыловқа берді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы баяндауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *