Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды

Полиция әйелдің шамамен 35 жаста екенін анықтады. Оның жанында ешбір құжат болмаған

 Шымкентте қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің мәйіті табылды.

Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінің жанынан өтіп бара жатқан адам полицияға хабар берген.

Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған, деп хабарлады  Sputnik.kz. Otyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

Полиция әйелдің шамамен 35 жаста екенін анықтады. Оның жанында ешбір құжат болмаған.

Әйелдің денесінде соққының іздері бар.

Қазіргі күні аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

https://sputnik.kz/incidents/20220201/19252464/Shymkent-konteyner-mayit.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *