Алматыда куәгерлер ұрыны қуған полиция көлігін видеоға түсіріп алды

Алматыда куәгерлер ұрыны қуған полиция көлігін видеоға түсіріп алды

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаған ер адамды қуып бара жатқан алматылық полицейлердің видеосы пайда болды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға таңғы сағат бесте болған.

«Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері назарына «күмәнді көлік» түскен. Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемеді. Полиция қызметкерлері көлікті қууға мәжбүр болды. Жылдамдықты асырған жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Үлкен Алматы айналма жолында ілеспе бағытта келе жатқан көліктермен соқтығысты.

Қауіпсіздік жастығы ашылғанда жүргізуші есінен танып, аяғы педалда қалып қалған. Полицейлер автокөлікті ашып, ер адамды өмірін сақтап қалуға тырысты. Әйнекті сындырып, көлікті тоқтатып үлгерді», — дейді полицейлер.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұсталған ер адам Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұл факт ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр», — деп қорытындылады ведомство өкілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *