Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған

Қазақстанда республикалық рухани-ағартушылық бағыттағы MUNARA TV телеарнасы ашылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-шы болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды, деп хабарлады ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.

«Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді», — делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ телеарна онлайн дәріс ұйымдастыруды, өзекті мәселелер төңірегінде тікелей эфирде жауап беруді жоспарлап отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Келешекте MUNARA FM радиосын ашу жоспарланған.

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.

2020 жылдың қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Асыл арнаның» жабылып, «Халық арна» телеарнасының ашылғанын мәлімдеді.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210728/17709055/qazaqstan-telearna.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *