EURO-2020: Италия құрамасы топта бірінші, Түркия соңғы орын алды

 

EURO-2020: Италия құрамасы топта бірінші, Түркия соңғы орын алдыФото: Reuters©Фото: Reuters©

Футболдан Италия құрамасы Уэльсті жеңіп, футболдан Еуропа чемпионатының А тобында бірінші орын алды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Римдегі ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 39-минутта Маттео Пессина соқты. Ал 55-минутта Уэльс он ойыншымен қалды — Итан Ампаду алаңнан қуылды.

Италия топтағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, тоғыз ұпай жинады, ал Уэльс төрт ұпаймен екінші орын алды, бұл команда да плей-офф кезеңіне шықты.

Дәл осы уақытта Бакуде Түркия мен Швейцария құрамаларының матчі өтті. Швейцария Түркияны 3:1 есебімен жеңді.

Алғашқы голды Харис Сефирович матчтің 6-минутында соқты. Шердан Шакири 26 және 69-минуттарда көзге түсті. Түркия құрамасы 62-минутта бір ғана гол соға алды — Ирфан Кахведжи командасының Еуропа чемпионатындағы жалғыз голының авторы атанды.

Енді Швейцарияның да топтан үшінші орынмен шығатын мүмкіндігі бар, бірақ топтық кезең толық біткенін күту қажет. Ал үш матчте де жеңілген Түркия құрамасы А тобында соңғы орын алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *