Айналайын Қазағым ай!

Айналайын Қазағым ай!
Бүгінгінің басты құралы болған әлеуметтік желіден Түркістандағы жағдайды
көзім шалып қалды.
Үйімді бұзды ,үйіндінің астында қала жаздадық, дейді.
Ау кеше ғана үкіметтен талап еткен қаржыларын алды емес пе?
Шындап келгенде Түркістан облыс орталығы болмай тұрғанда сол баспаналардың құны қанша еді?
Тіпті алымсақ болмайтын. Дегенмен уыстап тұрып ақшасын санап алды емес пе. Құрылыс заттарын да тасып алды.
Бірде бір адам Түркістанның болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамаға қосқан үлесім болсын. Ескі үйімді бердім, деп айта алмады. Жарайды баспанасы…
Ол былай тұрсын ешқандай жағдайы жоқ жер үйдің алдындағы бір бөлмелі времянкасы мен домдағы қабырғасы көгеріп кеткен жалдамалы пәтерлерінің бағасы екі үш есе көтерілді. Содан бірден байып кетті ме?
Тойымсыздық пен ашкөздік қалмады…
Қайта «Біреу көшіп келсе ерулік беріп көршісін құдайындай сыйлайтын» атам қазақтың қанына сіңген қасиет қайда?
Қайда біздің бауырмалдығымыз.
Кешегі зұлмат жылдары жер аударылған ұлттарға да пана болмадық па…
Бір үзім қара нанды бөліп жемедік пе.
Айналайын ағайын шамалы ғана ойланайық
Елбасы Түркістанды не үшін облыс орталығы, деп дариялады.
Онысы Қазақты әлем танысын дегені.
Бірліктің мекені болған Ұлы даланың атын білсін дегені.
Бұл да уақытша нәрсе.
Ертең анау сағат санап қабырғасы өріліп жатқан тұрғын үйлер де бітер.
Жаңа пәтерлер ел игілігіне берілер.
Көне шаһардың орнында жаңа қала пайда болар . Сонда не дейміз.!
Ұрпақтың болашағы мен еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан тірлікке қолдан келгенше ат салысайық ағайын.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еріккеннен резеңке етік киіп құрылыс аралап жүр дейсіз бе? Музейдің бір бөлмесінде экспонаттарша отырса да ләм деген жоқ.
Билік бар жаңа ғимарат сатып алса да болады.
Бірақ олай етпеді. Қызметкерлермен бірге отыр.
Қайта көшпен келгендерді қолдайық.
Көпті көрген азамат екен қандай жиын болса да ешқашан дауыс көтерген емес. Онысы ұлық болса да ұлтын сүйер келбеттін білдіреді. Қайда жүрсе де қазыналы қарттарымен ақыл кеңес құрып, тентегін тезге салуға шақырып отырады.
«Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпайды»деген атам қазақ.Сондықтар кері тартпай алға ұмтылайық.
Түркістанға көш түзелгелі қаншама азамат жылы үйі мен бала шағасынан безіп бекер жүрген жоқ.Араларында жаңа отау құрғандары да бар. Барлығы бауырларымыз Қазақстандықтар.
Оу ағайын біреу келіп біздің тірлікті түзетіп береді дегенге сенбеймін. Өзіңдік өзекке тепсеңде кетпейді. Қазір шынында да сенсорлы телефонға телміріп түймеден сенсация іздейтін заман болды.
Ұсақталмайықшы бауырлар.
ҚАЗАҚ деген атымыз бен тектілігімізге сай болайық .. ТҮРКІСТАН БІРЛІК МЕКЕНІ, ЕЛДІКТІҢ ТІРЕГІ БОЛСЫН!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *