МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕРЕКЕЛІК АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕРЕКЕЛІК АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және «Жасыл қала» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімі М.Әйтенов түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты.

Онымен бірге, бүгін шаhардағы ескі қалашық аумағында «Shymkent» этноауылы ашылып, жұмысын бастады. Қала әкімі М.Әйтенов рухани жаңғыру бағытында қолға алынған этноауылды аралап, ондағы ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.

Іс-шара соңында БАҚ өкілдеріне сұқбат берген қала әкімі, тұрғындарды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, «Жасыл қала» акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *