Шымкент «қызыл» аймаққа қайта оралды

Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта сегіз облыс пен үш мегаполис бар

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды, деп хабарлады  Sputnik.кз.  коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Шымкент қайтадан коронавирустың «қызыл» аймағына енді. Мегаполис қауіпті деңгейдегі аймақтан 26 сәуір күні шыққан болатын.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, көрсеткіш мынадай:

  • «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары.
  • «Сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары орналасқан.
  • «Жасыл» аймаққа Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 22 адам коронавирустан, төрт адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

https://sputnik.kz/regions/20210428/16907074/Shymkent-kyzyl-aymak.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *