ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Еңбекші ауданындағы санитарлық тазалық жұмыстарымен 8 мердігер мекеме айналысуда. Олар 745 жұмысшы мен 152 дана техникамен қамтамасыз етілген.

Санитарлық тазалық жұмыстарын көпқабатты секторда аптасына 4 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет және негізгі орталық көшелерде күнделікті жүргізуде. Мердігерлер тарапынан жыл басынан қалалық қоқыс полигонына 8111 м3 қоқыс шығарып, 64,3 км ирригациялық жүйелер тазаланды.

Сонымен қатар, сенбіліктерге 42185 адам қатысып, 131 автокөлік тартылды. Онда 42,7 шақырым аяқжолдар тазаланып, қоқыс полигонына 1537м³ қоқыс шығарылды. Жеке меншік жерлерде бей-берекет жатқан қоқыс орындары демеушілер есебінен тазаланды.

Тұрғындар назарына! Қала тазалығына байланысты шағымдарыңызды тегін 109 (ikomek) номеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *