ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ОЙЫН КЕСТЕСІ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ОЙЫН КЕСТЕСІ АНЫҚТАЛДЫ

slider
slider
«Шымкент жастар лигасы» 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Футбол, баскетбол, волейбол ойыны наурыз-мамыр аралығында өтсе, шахмат қыркүйекте ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда, мектеп командалары арасында жеребе тасталып, ойын кестесі анықталды. Спорттық ойынның барысы және күнделікті жаңалықтар Instagram әлеуметтік желісіндегі @shymkent_jastar_league парақшасында тұрақты жарияланып отырады.
Жобаға қатысу үшін қаладағы 140 мектептен 536 команда өтінім берген. Оның ішінде, футбол-135, баскетбол-130, волейбол-131 және шахмат-140 команда қатысуға ниет білдірген.
Ойын барысында әр мектептен жасақталған фан-клуб мүшелері өз командаларына жанкүйерлік жасап, қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 80 млн теңге. Әр спорт түрінен жеңімпаз командаға 20 млн теңге сыйақы беріледі. Бұл қаржы мектептің материалдық-техникалық базасын жасақтауға жұмасалады.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *