БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 259 МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 259 МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы мектептерде 7 242 кезекші сыныпта 100 477 оқушы, қашықтықтан 104 393 оқушы білім алып жатыр.

Өкінішке орай 65 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды (онлайн-46, оффлайн-19). Осыған орай №1, 6, 18, 22, 35, 49, 66, 99, 104, 108 мектептері карантинге жабылды. Десек те аталған мектеп оқушылары 100 пайыз қашықтықтан білім алуда.

Бұл жылы мектептер 259 жаңа модификацияланған кабинетпен толықпақ. Оның ішінде химия — 95 , физика — 50 , биология – 82, СТЕМ кабинет – 13, робототехника – 23, логопедиялық кабинет – 7. Одан бөлек, 205 панельдік тақта, 28 мектепке спорт алаңын орнату үшін Шымкент қалалық сатып алу департаментіне өтінім берілді.

Сонымен қатар, барлық мектептердің сыртқы әжетханаларын жою жұмыстары басталды. Олардың саны 151 болатын. Заң жүзінде36 мектептің сыртта әжетханасы болмаған. Ал әжетхананы бұзу туралы құжаттама дайындалған мектептер саны – 61. Қалған 90 жаңа мектепке зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шешім қабылданатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *