Димаш Құдайберген Кремльде жеке концертін өткізбек

Әлем сахналарын бағындырған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келесі жылдың наурыз айында Кремльде жеке концертін өткізбек деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеш 2019 жылдың 22 наурыз күні болады деп жоспарлануда.

Аталған жаңалықпен Instagram әлеуметтік желісінде әншінің өзі бөліскен.

«Мәскеу. Мемлекеттік Кремльдік сарай. 22 наурызда Ресейдегі жеке концертімде кездескенше. Билеттер сатылымға шықты», — деді ол.

Бұл ақпарат Мемлекеттік Кремльдік сарайдың сайтында да жарияланыпты. Онда Димаш Құдайбергеннің концерті Үлкен залда 22 наурыз күні сағат 19:00-де басталатыны жазылған екен.

Кремль сарайы Ресейдегі ең беделді театралды-концертті алаң болып табылады.

Айта кетейік, отандық әнші қарашада Лондон қаласында жеке концертін өткізге болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *