ҚАЛА ӘКІМІ 2021 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРДІ БЕЛГІЛЕП БЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІ 2021 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРДІ БЕЛГІЛЕП БЕРДІ

slider

Аудан әкімі алдымен өткен жылғы атқарылған негізгі жұмыстардан хабардар етті. Аудан бойынша 34 елдімекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Ауданда 4 елдімекеннің – Жаңаталап, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжайда құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, жалпы 25 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстарды оң бағалап, биылғы міндеттерді атап берді.
– Аудандағы тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелермен өзім жіті танысып шықтым. Өзекті мәселелерді жүйелі шешу үшін менің тапсырмам бойынша аудандық 5 жылдық даму жоспары бекітілді. Тиісті басқармалармен келісімі алынды. Бекітілген жоспарда өз қаражаттары бар. Ендігі кезекте әр елдімекендердегі инфрақұрылым жұмыстарын уақтылы хабарлап, тұрғындарды ақпараттандырып отыру керек. Алдағы уақытта аудандағы негізгі жұмыстар осы жоспарға сәйкес жүргізіледі. Ауданда балалар ойын алаңшаларын қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары бойынша ұсыныстар беріп, жұмыстарды әрі қарай ілгерілету қажет. Қазіргі кезде 31 ауланың ЖСҚ-ы дайын емес. Наурыз айына дейін тиісті, керекті құжаттарды дайындауға тапсырма беремін. Жалпы аудан өз әлеуетін пайдаланып отыр. Инфрақұрылым жүйелері кезең кезеңімен шешіліп келеді. Өткен жылғы атқарылған жұмыстарды оң бағалауға болады, – деді қала әкімі.

Ауданда тұрғындарды сапалы ауыз сумен, электр жарығымен, табиғи газбен қамту қарқынын жоғарылатуға тапсырма берілді. Халық қатысатын бюджет жобасына тұрғындарды көптеп қатыстыру да негізгі талаптардың бірі.
Жиында тұрғындар және БАҚ өкілдері тарапынан инфрақұрылым, қоғамдық көлік, саябақтарды көбейту, абаттандыру, ретсіз сауданы жою сынды мәселелер көтерілді. Шаһар басшысы әр сауалға жауап беріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *