ЕРСҰЛТАН ӘМІРБЕК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

  Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметті енді ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиоларының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек атқарады. Бұл туралы клубтың 2020 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды есеп беру жинында белгілі болды.

Басқосуда клуб жетекшісі «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев  өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Клуб мүшелерінің қолдауымен төрағалыққа жаңадан сайланған Ерсұлтан Әмірбек 2021 жылға арналған жоспары мен алдағы атқарылар келелі істер жөнінде хабарлама жасады. Клуб мүшелері қоғам тұрақтылығын нығайту бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстарды белгілеп, іске асыруға уағдаласты. Басты байлығымыз елдің бірлігі мен ынтымағы деп санайтын клуб мүшелері алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істеуді басты ұстаным етіп алды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *