ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАҢА ҚЫШ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА БИЫЛ ЖАҢА ҚЫШ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

slider image

Ордабасы ауданында мемлекеттік индустриаландыру картасы аясында биыл 29 млрд. теңге құрайтын 465 жаңа жұмыс орнымен 4 жоба іске қосылады деп күтілуде. Атап айтқанда, «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна мұнай-химия өңдеу заводының І-кезеңі іске қосылып, 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. «RZN» ЖШС-нің бетон өнімін өндіру жобасы 150 жұмыс орнымен іске асады. Сондай-ақ, «NA Constraction» ЖШС-нің 100 жұмыс орнымен жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы мен «Александровский сад» ЖШС-нің 15 жұмыс орнымен көкөніс сақтау қоймасы.

Ағымдағы жылы ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 51 млрд. 475 млн. теңгеге жеткізіліп , өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,9 пайызға артады деп күтілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар: «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы, «Бизнестің жол картасы-2025» аясында және Микро қаржы ұйымдары арқылы игерілетін инвестиция көлемін 17 млрд. 444 млн. теңгеге ұлғайту жоспарланған.

Айта кетерлігі, аймақтағы жалпы өнеркәсіп өнім көлемін 2021 жылы 22 млрд. 800 млн. теңгеге, ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін 20 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Өнім көлемі негізінен индустриаландыру картасы аясында іске асқан инвестициялық жобалардың өндіріс қуаттылығын жүктеуі есебінен артатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *