ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

slider image

Бүгін Кентау қаласы, Ащысай елдімекені Кентау-Ащысай автожолында қар құрсауында қалып қойған 8 адам құтқарылды. Түркістан облысының ТЖД –ң мәліметінше, оқиға орнына 7 құтқарушы мен 1 бірлік техникасы жіберілген. Сонымен қатар, Түркістан облысы ТЖД-дың қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған 1 жеңіл автокөлігімен 1 жүк көлігін сүйреп шығарды. Аталған аумақтан 15 адам эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысында күннің күрт суытуынан қолайсыз ауа-райына байланысты көлігімен жолда қалып қойған 400-ге жуық адам құтқарылды. Құтқарушылар екі тәулік ішінде 18 ауыр жүк көлігі мен 100-ге жуық жеңіл автокөлікті қар астынан алып шықты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *