ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 140 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 140 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

slider
Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 140 түлкібастық отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер көпбалалы және аз қамтамасыз етілген жанұяларға берілді. Атап айтқанда, 83 пәтер көпбалалы отбасыға, 45 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 12 пәтер мемлекеттiк қызметшi мен бюджеттiк ұйым қызметкерлерiне берілген.
Сондай-ақ, ауданда ішкі жолдарды жөндеу, инфрақұрылым жүргізу, абаттандыру сынды жұмыстар 2020 жылы өз деңгейінде жүргізілген. Аудан аумағындағы 67,88 шақырымды құрайтын 54 жол күрделі және орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде, 19,3 шақырым 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 49 шақырым 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көше жарықтандыруы бойынша 6 елді мекеннің 8 көшесіне соңғы үлгідегі жарықшамдар орнатылып, пандемия кезінде аса маңызды нысандардың бірі болған орталық ауруханаға баратын Абиров, Бекбосынов және Қонаев көшелеріне қосымша 100 данасы қойылған. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында Састөбе кентінде заманауи кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік суларды тазалау орынының құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *