ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

slider
Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар 2020 жылдың «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды.

Карантиндік шектеулерге орай бұл шара онлайн форматта өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жыл бойы атқарған істі бағалап, осы жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 42 аталым бойынша марапаттап, құттықтады. Олардың бірқатары өз жүлделерін облыс әкімі орынбасарының қолынан алды.

 «Жыл үздіктері мұндай құрметке оңай жеткен жоқ. Бүгін еселеп кеткен еңбектің зейнеті өтелген күн. Бұл талмас талпыныс пен қажырлы қайраттың жемісі. Барлық түркістандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық және мол табыстарға жетулеріңізге тілектеспін», – деді облыс әкімінің  орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Түркістан облысы бойынша 2020 жылдың үздік номинация иегерлеріне ұсынылған үміткерлердің тізімі:

  1. «Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы» – «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК, Бас дирижеры Ерлан Дәуренбеков.
  2. «Жылдың үздік әртісі» – Файзиев Жанбол Төлегенұлы, «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» МКҚК.
  3. «Жылдың үздік әншісі» – Абильханова Айжан Турсунбековна, Кентау қалалық әкімдігінің МКҚК Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы.
  4. «Жылдың үздік жазушысы» номинациясы – Абылайхан Есімбай, ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалы.
  5. «Жылдың үздік дәстүрлі әншісі» – Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Құдайбергенұлы Бекбосынов, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы.
  6. «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» – «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК, «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК Директоры Жұмашов Алмас Абдуллаұлы.
  7. «Жылдың үздік ақыны» – Сейдазым Айдар Бастарбекұлы, Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі.
  8. «Жылдың үздік мектебі» – «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Директоры Шәдіқожа Шолпан Рысбайқызы.
  9. «Жылдың үздік ұстазы» – Ташева Болсынай Аханкызы, Жетісай ауданы № 10 Қайнар мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі.
  10. «Жылдың үздік тәрбиешісі» – Сайдвалиева Гулзира Еркибаевна, Ордабасы ауданы «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасы, тәрбиеші.
  11. «Жылдың үздік жас ғалымы» – Керимбеков Ержан Рахымжанұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Инженерия факультеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының доценті, PhD ғылым докторы.
  12. «Жылдың үздік медицина мекемесі» – «№1 Облыстық перинаталдық орталығы», Налибаева Рахима Кенжебаевна.
  13. «Жылдың үздік дәрігері» – Цай Вячеслав Эдуардович, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында №2 жансақтау бөлімінің меңгерушісі.
  14. «Жылдың үздік санитарлық дәрігері» – Серікбаев Сәкен Турғараевич, Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
  15. «Жылдың үздік мейірбикесі» – Сеитова Элмира Сеилханқызы, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұқпалы аурулар бөлімшесінің  аға мейірбикесі.
  16. «Жылдың үздік спорт ұйымы» – Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Директоры: Райханов Шынболат Сарсенұлы.
  17. «Жылдың үздік спортшысы» – Бибосинов Сакен Исмадияругли, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс бөлімінің спортшысы.
  18. «Жылдың үздік жаттықтырушысы – Айтжанов Мырзағали Құланұлы, Жаттықтырушы
  19. «Жылдың үздік құрылыс мекемесі» – «BI-Holding» (БиАй- Холдинг) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Төрағасы – Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев, Құрылыс саласы Түркістан облысындағы өкілі Адильханов Диас.
  20. «Жылдың үздік құрылысшысы» – Мусабеков Куанышбек Жусыпович, Мусабеков Куанышбек Жусыпович «Бадам-тас» строй ЖШС бас директоры.
  21. «Жылдың үздік энергетигі» – Лесбеков  Қанат Түгелұлы, «Шардара су электр  станциясы»акционерлік қоғамы өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары.
  22. «Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері» – Куралбаев Бакберген Танирбергенович, Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы.
  23. «Жылдың үздік ауласы» – Әлімбеков Пионер, Созақ ауданының Сызған ауылдық округі Қозмалдақ елді мекені Т.Төреханов көшесі №12 үй иесі Әлімбеков Пионер .
  24. «Жылдың үздік ауылы – Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекені, Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекені әкімі Бейсенбаев Мұхтар Қасымханович.
  25. «Жылдың үздік жүргізушісі» – Койтанов Рысбай Биманович, Шардара ауданы, Шардара қаласы, «Шардара автобус паркі» ЖШС-нің жүргізушісі.
  26. «Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі» – «АВТОРЕМСТРОЙ ЛТД» ЖШС, Сайрам ауданы, Директоры Ералиев Сайдирасулхан Акбарханович.
  27. «Жылдың үздік сәулетшісі» – Матайбеков Шохан Өмірзақұлы, Матайбеков Шохан Өмірзақұлы «Mataibekov arhitects» ЖШС-ның бас сәулетшісі.
  28. «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» – Саков Батырхан Абуулы, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жәрдемақыларды төлеу және жұмыспен қамту секторының сектор меңгерушісі.
  29. «Жылдың үздік қамқоршысы» – Мамадалиева Сапаркуль Альмахановна, Түркістан облысы жұмыспен қамтды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аға мейірбикесі.
  30. «Жылдың үздік агрономы» – Ералиев Ербол Жолдасбаевич, Мақтаарал ауданы «Нұралыжол-Ж» шаруа қожалығының төрағасы.
  31. «Жылдың ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі» — Ярославцева Ольга Сергеевна, Сайрам ауданы «Южанка -5» ЖШС директоры.
  32. «Жылдың үздік мал дәрігері» – Сейтқазы Ербол Елтайұлы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы «Отырар аудандық ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК басшысы.
  33. «Жылдың үздік жас белсендісі» – Кенжебаев Суннат Кахраманович, Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  34. «Жылдың үздік еріктісі» – Мамыр Олжас Қайратұлы, Ерікті, блогер және журналист.
  35. «Жылдың үздік журналисі» – Давлетов Малик Джумаханович, «Түркістан» қалалық газетінің бас редакторы.
  36. «Жылдың үздік баспасөз қызметі» – Сапарбеков Ғабит Қадырбекұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз хатшысы.
  37. «Жылдың үздік орманшысы» – Мұратов Жорабек Орынбекұлы, «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманды пайдалану инженері.
  38. «Жылдың үздік инновациялық жобасы» – Сейтжанов Нуржан Серикжанович, «Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің директоры.
  39. «Жылдың үздік экспорттаушысы» – Пан Эдуард Дмитриевич, AsiaDistillery» ЖШС-нің директоры.
  40. «Жылдың үздік инвестиция тартушысы» – Гелашвили Мурат Кошалиевич, «Экоинвест» ЖШС-ның орындаушы директоры.
  41. «Жылдың үздік жас кәсіпкері» – Абдугаппаров Шерзад Изатуллаевич, «Электродеталь» ЖШС директоры.
  42. «Жылдың үздік архивисі» – Алмерденов Ералы Амантурович, Алмерденов Ералы Амантурович «Кентау өңірлік мемлекеттік архиві» КММ басшысы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *