ШЫМКЕНТТЕ 82 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 82 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның ішінде, жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар.

Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Осыған орай Шымкент қаласында бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 арендалық, 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 11 айда 103,3 млрд теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 159,3 пайызға жеткен.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *