Грекиядағы ең жас депутат Шымкентте дүниеге келген болып шықты

Грекиядағы ең жас депутат Шымкентте дүниеге келген болып шықты

Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.

Сурет : ҚР СІМ2 Желтоқсан 2020, 11:51

Шымкентте дүниеге келген Мария Апациди Грекия парламентіндегі ең жас депутат болып табылады, деп хабарлады zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің желідегі парақшасында Қазақстанның елшісі Алексей Волковтың Грекия парламентінің мүшесі Мария Апацидимен кездескені туралы ақпарат жарияланды. Сондай-ақ грек депутатының Шымкентте дүниеге келгені және Грецияның заң шығарушы органындағы ең жас өкіл екені де атап көрсетілген.

Волков пен Апациди қос ел арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.

— Қазақстанның тумасы болып табылатын депутат өткен ғасырдың соңында тарихи Отанына оралған этникалық гректердің қазіргі Қазақстанға деген қызығушылығы артып отырғанын атап өтті, дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Өзара туристік потенциалды едәуір кеңейту бойынша қос тарап пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *