Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасарын тағайындалды

Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасарын тағайындау туралы

 

ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 қараша күнгі бұйрығымен Сыздықов Данияр Нұрділдаұлы Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Д.Н.Сыздықов 1978 жылы Қызылорда қаласында туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Прокуратура органдарында қызмет етуді 2002 жылы Қызылорда облысы прокуратурасының тергеу және анықтау бөлімінің заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры болудан бастаған.

Кейінгі жылдарыБас прокуратурада жәнеҚызылорда, Қостанай мен Ақтөбе облыстарының прокуратураларында қызмет атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Ақмола облысы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 16 жыл. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *