Ғани Ахметбаев Түркістан облыстық «Көкпар» Федерациясын басқарады

КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 

  Түркістан облыстық «Көкпар» Федерациясын  Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғани Ахметбаев басқаратын болды. Көкпар десе ішкен асын жерге қоятын  тақымы мықты жігіттер бас қосып федерация президентін сайлады.

Жылқыны қанаты мен пырағына балаған қазақ қашанда бұл жануарға ерекше ықыласпен қарайды. Өйткені атам қазақтың өзі жылқысы бар үйге шайтан жуымайды, деп айтады. Оған қоса тұлпарды қолға үйреткен балаларымыз жылқыны ер қанаты,  деп те айтады. Жиналған жұрт облыстық көкпар федерациясын басқаруға Ғани Ахметбаевты бір ауыздан лайық деп таныды.

Өйткені Ғани Ахметбаев атадан балаға мирас болып келе жатқан ат спорты мен көкпарды дәріптеп, соған жанын берген адам. Астанада ат арылтып келген қауымдастық өкілі мен ел таныған ағалар Ғани Ахметбаевтың кандидатурасын лайық деп тапты.

Білікті маман қазақтың ат спорты оның ішінде көкпарды дамытуға бар күш жігерін салатынын жеткізді. Азяи әлем чемпионаттарында топ жарар тақымы мықты жігіттеріміздің көптеп шыға берері анық. Батысыты атадан қалған ұлттық ойында келер ұрпаққа жеткізу, дейді шабандоздар. 

 суреттер әлеуметтік желіден алынған.

 

  

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *