ҚҰС ТҰМАУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

ҚҰС ТҰМАУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Ресей Федерациясында және еліміздің Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары аумақтарында үй құстары арасында құс тұмауы ауруы тіркелуде. Құс тұмауы вирусының таралуы жабайы құстардың көктемгі және күзгі ұшу кезеңдерінде көптеп кездеседі.

Жеке аулаңыздағы үй құстарыңыздың жабайы құстармен байланыс жасамауын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. Құс етін және басқа да құс өнімдерін сатып алу барысында өнімнің қауіпсіздігін анықтайтын құжаттары барына көз жеткізіңіз.

Жеке ауладағы үй құстарына құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары тегін жүргізіледі.

ЕСКЕРТПЕ: Аулаңыздағы үй құстарыңыздың санын нақтылап есепке алу үшін және жаппай қырылуы байқалған жағдайда шұғыл түрде төмендегі нөмірге хабарласуды сұраймыз.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ 24-75-37, 24-75-18.

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *