Данияр Елеусінов үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Никарагуалық боксшыны шаң қаптырған жерлесіміз бесінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.   

Елеусінов Монакода өткен «Казино де Монте-Карло» бокс кешінде Маркос Мохикамен жұдырықтасқан.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңбес бұрын Маркос Мохиканы үш рет нокдаунға жіберген.

Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің бұл кәсіби бокстағы бесінші жеңісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *