Қырғыз тауларында көшкін жүрді: жол жабылып, электр желілері қирады

Қырғыз тауларында көшкін жүрді: жол жабылып, электр желілері қирады

 

Қырғыз тауларында көшкін жүрді: жол жабылып, электр желілері қирады

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстандағы Дыйкан – Кара-Кече тасжолында Кара-Кече тауында көшкін жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көшкін Кара-Кече өзенінің арнасын жауып, электр желілерін қиып кетті. Осы учаскедегі Дыкан – Кара-Кече тасжолын жауып тастады. Джумгал ауданының азаматтық қорғау комиссиясының шешімі бойынша жол осы учаскеден өту қаупіне байланысты уақытша жабылды» делінген хабарламада.

Оқиға орнында азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Кабар агенттігіне Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нарын облысының Дыкан – Кара-Кече тасжолында көшкін салдарынан қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, таспен түскен жер массасының көлемі шамамен 900 мың шаршы метрді құрайды. Біздің каналымызға жазылыңыз:

https://www.inform.kz/kz/kyrgyz-taularynda-koshkin-zhurdi-zhol-zhabylyp-elektr-zhelileri-kirady_a3694889

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *