«Гарант 24″пен «ESTATE» ломбардтары қожайындарынан құны 2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

«Гарант 24″пен «ESTATE» ломбардтары қожайындарынан құны 2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

Ал олар жұртқа 22 млрд теңгенің залалын келтірген.

Сурет : видеодан алынды15 Қыркүйек 2020, 12:54

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларына қатысты 217 қылмыстық істі тергеп, оның 116-сы сотқа жолданды, жалпы осы сипатта 79 адам жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлады zakon.kz.

— Біздің азаматтарға орасан зиян келтірген 13 түрлі ұйымға қатысты ең резонансты қылмыстық істер де тергеліп жатыр. Мысалы, «Garant 24″ ,»ESTATE» және «Выгодный» займ»ломбардтарының үстінен 17 мыңнан астам азамат (17 045) талап-арызбен жүгінді, бұл арада 22 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді, — деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов онлайн брифинг кезінде.

Оның айтуынша, аталған ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркеліп, 51 адам жауапқа тартылып жатыр. Күдіктілерден 70 миллион теңгеден астам ақша, олардың қылмыстық әрекеті кезінде алынған әртүрлі мүліктер (15 автомобиль, 2 жүк самосвалы, 2 автокран, қарда жүретін көлік, 29 пәтер, 6 үй, 3 жер телімі, 5 автотұрақ, 1 кешен (кафе-бильярд бөлмесі) тәркіленді.

— Күдіктілерден тәркіленген мүліктің жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Кейін қылмыстық істер сотқа жіберілгеннен кейін келтірілген зиянды өтеу және тәркіленген мүлікке меншік құқығын анықтау туралы барлық мәселелер сотта қаралатын болады, — деді Әділов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *