500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунік 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды.

500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунік 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды.

Айыппұлды төлеуге екі ай уақыт берілді

500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунік 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып 500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунікке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады ERNUR.KZ тілшісі.

Айтып өтетін жәйт, қылмыстық іс Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында прокурордың, адвокаттың және сотталушының қатысуымен онлайн байланысында қаралған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарған М.С. пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеттері үшін 500 000 теңгені пара ретінде алған. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін М.С.ның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жеткен. Ауыр санаттағы қылмыс жасаған сотталушы өтініш білдіріп прокурормен процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдіріпті. Сот отырысының барысында сотталушы қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерге дауласпай, кінәсін мойындаған.

«Сот сотталушының асырауында жасөспірім балалары бар екеніне назар аударып, заң талабының тағайындалатын жазаның жартысынан аспау керек екенін ескеріп, сот процестік келісімдегі жазамен келісті,» — деп мәлімдеді Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі.

Жарты миллион теңге пара алған шымкенттік шенеунік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Экс шенеунік мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімімен 15 000 000 /он бес миллион/ теңге айыппұл салынып, оған ерікті түрде төлеу үшін 2 (екі) ай мерзім берілді. Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының атына жекеше қаулы қабылданды.

Айта кету керек, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
http://ernur.kz/shymkent/500-myn-tenge-para-alghan-shymkenttik-sheneunik-15-mln-tenge-aiyppul-toleitin-boldy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *