ШЕНДІ ПОЛИЦЕЙ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКЕ ІЛІКТІ

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің, Түркістан облысы бойынша Полиция департаментінің Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығына қатысты бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Полиция майоры 2019 жылдың тамыз айында полиция қызметкері бола тұра, Шымкент қаласының азаматтарын алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 94 млн теңге тұратын қымбат «Lexus LX 570» және «Toyota Camry» маркалы 4 автокөлігін иемденіп және осыған ұқсас жолмен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету сылтауымен сотталғанның 33 мың АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражатын иемденіп алған деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 29 тамызында күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *