Президент Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады

Президент Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорда.

Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батыс өңірді толықтай азық-түлікпен қамтамсыз ету мүмкіндігін пайдалана отырып, мал азығын дайындауды арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделген. Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *