«NUR OTAN» ПРАЙМЕРИЗІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ.

«NUR OTAN» ПРАЙМЕРИЗІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ.


Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол – партияны «қайта жандандыру» мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр.
⠀Елімізде 17 – 28 тамыз аралығында праймеризге қатысуға 10 990 адам тіркелді. Олардың 36,9% — әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін-өзі ұсынушылар – 7900 адам. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас.
Шымкент қаласы бойынша ⠀Праймеризге 198 адам құжат тапсырды, 185 – тіркелді, 9 адам құжаттарының дұрыс болмауына байланысты тіркеуден бас тартылды, 4 адам өз өтінішімен праймеризге үміткерліктен бас тартты.
Тіркелген 185 үміткердің 58 — әйел (31,3%), 69- жастар (37,3%).
Үміткерлердің ең жасы – 20 жаста болса, ең үлкені 83 жаста
Аудан бөлінісі бойынша: Абай ауданында 42, Әл-Фараби ауданында 43, Еңбекші ауданында 50, Қаратау ауданында 50 үміткер.
Әлеуметтік страта: 17 – депутат (9,2%), 9 — көп балалы ана (4,9%), 2 — мүмкіндігі шектеулі азамат (1,1%), 3- қандастар (1,6%)
49 үміткерді бастауыш партия ұйымы ұсынған, ал 136 үміткер өзін-өзі ұсынды.
⠀ 7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі – үгіт басталады. 14 – 30 қыркүйек аралығында онлайн режимде жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыс тәртібі алдағы күндері жеребе тарту арқылы анықталады. ⠀
Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында қалалық партия филиалының сайлауалды бағдарламасының жобасы қыркүйектің басында партия сайтында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Олар халықпен бірге талқыланғаннан кейін Праймеризге қатысушылардың ұсыныстары ескеріле отырып, жетілдірілетін болады.
Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «еліміздегі мәселелерді бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету маңызды. Праймериз қатысушылары жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді ашық көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы тиіс».
⠀ Ашық та әділ күресте мықтылар топ жарып шықсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *