«Өзін подполковник ретінде таныстырған». Алматыда медициналық қызметкерге шабуыл жасалды

«Өзін подполковник ретінде таныстырған». Алматыда медициналық қызметкерге шабуыл жасалды

Видеодан алынған кадрВидеодан алынған кадр

Алматыда екі ер адам өзін құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ретінде таныстырып, медицина қызметкеріне шабуыл жасаған, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, оны Instagram желісінде Олжас Қадыров есімді қолданушы жариялады. Оның айтуынша, шабуыл 18 тамызға қараған түні Қалқаман ықшамауданындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада болған.

«Наурызбай ауданының подполковнигі, есімі Бағлан, қара жейде киген, екіншісі — Данияр Базаров. Алматы қаласы басшылығынан осы жағдайға назар аударын сұраймын», — делінген жазбаның сипаттамасында.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр.

«Видеодағы адамдар анықталып, ұсталды. Алайда медицина қызметкері құқықбұзушыларға қатысты өтініш беруден бас тартты, олардың кешірім сұрағанын айтты. Жақын арада осы іс бойынша түпкілікті шешім қабылданады», — деді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, кейінірек автор бұл жазбаны Instagram желісінен өшіріп тастады.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/ozn-podpolkovnik-retnde-tanyistyirgan-almatyida-311994/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *