Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты

Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты

© Reuters© Reuters

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне Бейрутте болған жарылысқа байланысты көңіл айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім», — дейді Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Тоқаев Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде бергенін айтты.

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *