Түркістан облысындағы дарынды мектеп еліміздегі үздік ондыққа енді  

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты еліміздегі үздік 10 мектептің қатарына енді. Өйткені, бұл білім ұясынан қанат қаққан түлектердің 100 пайызға жуығы жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Оқудағы озат тәжірибемен танысу үшін өңір журналистері үздік оқу орнына арнайы барды.

Білім кеңістігіне — 10 жыл.. Озат мектептер ондығындағы үлкен мәртебе. Сәйкес сандардан сабақ алуға ұмтылған  білім ұясында бүгінде 400-ге жуық оқушы оқып жатыр. Олар үшін барлық жағдай қарастырылған. Арнайы сыныптар мен мультимедиялық кабинеттер, қоры бай кітапхана, үш мезгіл ыстық тамақ. Қысқасы, білім аламын дегендерге мүмкіндік мол. Ұстаздар құрамы да — жоғары санатты, жаңашыл педагогтар.

Жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастаған білім ошағы енді сол биікте қалуды мақсат тұтып отыр.

Түркістан  облысы Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты өткен оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі үздік 10 мектептің қатарына енді. Себебі, аталған білім ұясын бітіріп шыққан түлектердің 98 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мемлекеттік грант иелері атанып отыр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған 10 жыл ішінде озат мектептер ондығына ену — бұл білім ұясы үшін үлкен мәртебе. Мұнда бүгінде аудан, қалалардан келген 400-ге жуық оқушы оқып жатыр. Ал балаларға 48 жоғары білімді мұғалім, 2 физика математика ғылымдарының кандидаты, 2 доцент пен педагогика ғылымдарының кандидаты дəріс береді.

Мектеп директоры Жаңабай Ахметовтың айтуынша, мұндағы мұғалімдердің 20-сы деңгейлік курстан өткен. Барлық оқу материалдары жаңартылған. Арнайы физика, математика, химия, биология, информатика мултимедиялық кабинеттер заман талабына сай жабдықталған. Үш қабатты ғимаратта 29 оқу кабинеті, 2 мультимедиялық кабинет, пәндік кабинеттер, зертханалар мен спорт залы, кітапхана, 7 интерактивті құрылғы, 15 сынып кешені бар. Сонымен қоса, балаларға арналған 300 орындық жатақхана мен үш мезгіл ыстық тамағы бар. Жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастаған білім ошағы енді сол биікте қалуды мақсат тұтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *