БӘЙДІБЕКТІК ЕРІКТІЛЕР ЕРЛЕДІ

БӘЙДІБЕКТІК ЕРІКТІЛЕР ЕРЛЕДІ.

СУРЕТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНҒАН..

Бірлік пен ынтымақ  елге келген індетті ауыздықтауға негіз болады. Бәйдібектік еріктілер аудандық ауруханаға 13 тыныс алу құрылғысын алып берді. Жаны жомарт жандардың арасында «Шаян» көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің түлектері де бар.

Қайрымдылық шарасын Бәйдібек ауданындағы «Шаян» көпсалалы лицей жалпы орта мектебін 1999 жылы бітірген түлектердің ұйымдастыруымен «Шұғыла» қайрымдылық қоры  бірлесіп ұйымдастырған.  Ауруханаға сыйға тартылған 13  тыныс алу  құрылғысы  арнайы аспан асты елінен алдырылған. Тапсырыспен жеткізілген құрылғыларды Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев  орталық аурухана бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыстады. Өз кезегінде дәрігерлер ел басына күн туған жақта бірлік таныта білген жаны жомарт жандарға алғысын білдірді.  

 Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Біздің мақсат – бір адамға болса да көмектесу. Бұл сынақты да бірлікпен еңсереміз деген Бәйдібектік еріктілер жерлестерінің өмірін барынша сақтап қалуға атсалысуда. Бүгін міне осындай жанашыр азаматтарымыздың жасап жатқан игі істері елімізде орын алып отырған қиын шақта үлкен көмек. Туған жерге деген осындай игі істер жасап отырған азаматтарға алғысымыз шексіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *