6 жасар қызды ұрламақ болған оралдықтың әрекеті видеоға түсіп қалған

6 жасар қызды ұрламақ болған оралдықтың әрекеті видеоға түсіп қалған

Оралда белгісіз ер адам алты жасар қызды ауладан алып кетпек болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Әлеуметтік желілердегі кадрларда ересек ер адам қызға жақындағанын көруге болады. Қысқа әңгімеден кейін ол баланы күштеп белгісіз бағытқа алып кетеді. Кейінірек кадрларда бейтаныс тағы бір адам оны тоқтатып, қыздан итеріп жібереді.

Полиция департаменті өкілі видео 2 тамызда кешке түсірілгенін хабарлады.

«Орал қаласы ПБ Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткісі келгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасы жазған өтініш тіркелді. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас болған», — деп атап өтті БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын, содан кейін процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/6-jasar-kyizdyi-urlamak-bolgan-oraldyiktyin-areket-videoga-311360/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *