Қазығұрт ауданы мәдениет саласының даму үдерісі

1920-1921 жылдары Орынборда өткен қазақтардың І-құрылтайында Сырдария өңірін Шымкент уезіне біріктіру, ал Қазығұрт етегіндегі елді мекендерді Ақжар және Алексеевка болыстықтарының құрамына кіргізу ұйғарылған. Пролетариат көсемі В.И.Лениннің атын мәңгілікке қалдыру үшін 1924 жылы Алексеевка ауылының аты Ленинское болып өзгертілген.

1928 жылғы әкімшілік реформаларға сәйкес губерния және уезд атаулары алынып, округ және аудан атаулары енгізілді, Қазығұрт өңірі Шарапхана орталығы болған Қаратас ауданының құрамына енді. 1931 жылы аудан орталығы Ленинск ауылына өткен. 1967 жылы Қаратас ауданы атауы Ленин деп ауыстырылған. 1992-1993 жылдары Қазақ тілі қоғамның қатысуымен 100-ге жуық көшенің атауы ауыстырылып оларға тарихи атаулары қайтарылған.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі Ленин ауданы атауын Қазығұрт ауданы деп өзгертуге қаулы қабылданған.

1993 жылы ауданға «Қазығұрт» деген атау берілді. Қазіргі таңда ауданға қарасты 13 ауылдық округ және 64 елді-мекендер бар. Аудан халқының саны 105 631-ді құрап отыр.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарламасы бойынша мәдениет саласының 2018 жылы бекітілген мәдени-рухани көпшілік іс-шараларға сәйкес Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау бағытында бір қатар жұмыстар ұйымдастырылып, өткенін атап өтуге болады. Бюджеттен бірқатар қаражат бөлініп «Еңбекші» ауылдық мәдениет клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 21 ауылдық кітапханалар компьютерлермен жабдықталған деп хабарлайды жергілікті әкім баспасөзі. 2018 жылы 8 айлық есеп бойынша аудандық мәдениет үйі-1, ауылдық мәдениет үйі-7, ауылдағы клубтар саны-16, кітапханалар саны-23 болса ондағы кітап қоры-221070 жуық, оқырмандар саны-14242 және ауданда 1 мұражай бар. (кесте-1)

Кесте-1

Атауы Бірлік, өлшемі 2014ж. 2015ж. 2016ж. 2017ж. 2017ж. 8ай 2018ж. 8ай 2017ж.

2018ж.

%

Мәдениет нысандары

Оның ішінде:

Бір.

46

47

45

45

45

45

100

Мәдениет үйлері

 

Бір.

6

7

7

7

7

7

100

Ауыл клубтары Бір.

16

16

16

16

16

16

100

Кітапханалар Бір.

23

23

23

23

23

23

100

Мұражайлар Бір.

1

1 1 1 1 1

100

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *