ЖОО студенттері қыркүйекте қашықтан оқиды

ЖОО студенттері қыркүйекте қашықтан оқиды

ЖОО мен колледж студенттері қыркүйекте қашықтан оқиды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Колледждер оқу жылын қашықтан оқу форматында бастайды. Алыстағы ауылдық елді мекендерде бізде колледждер де бар, егер эпидемиологиялық жағдай қолайлы болса, онда дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береміз.

Жоғары білім бойынша оқыту қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады, дәстүрлі формат жеке кесте бойынша, зертханалық жұмыстар үшін, докторантура үшін, өндірістік оқыту, кәсіби тәжірибе үшін ұйымдастырылады», — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *