Денсаулық сақтау министрі балаларды қашықтан оқытуды ұсынды

Алексей Цой мектепте балалар індетке шалдығып, инфекцияны оқу орнынан тыс жерлерде таратуы мүмкін екенін ескертті

 Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын қашықтан оқуы мүмкін. Вирустың таралуына жол бермеу үшін денсаулық сақтау министрлігі үкіметке осындай ұсыныс жасады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектепке барып оқу балалардың індетке шалдығуына және инфекцияның мектептен тыс таралуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

«Өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымдық өсуі мен коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігін ескеріп, оқу жылының бірінші тоқсанында шағын мектептерді қоспағанда, орта білім ұйымдарының барлық сыныбын қашықтан оқытуды қарастырған дұрыс деп санаймыз», — деді министр үкімет отырысында.

Ол инфекция ұйымдасқан ұжымдарда тез тарайтынын атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын өткір респираторлық вирустық инфекциямен ауыратындардың 70 процентін он төрт жасқа дейінгі балалар құрайды.

https://sputniknews.kz/society/20200714/14467729/ministr-qashyqtan-oqytu.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *