Коронавирустан айыққандардың организміндегі антидене азая бастаған

Коронавирустан айыққандардың организміндегі антидене азая бастаған

© Reuters© Reuters

Мюнхендегі Швабинг ауруханасының ғалымдары кейбір науқаста коронавирусқа қарсы пайда болған антиденелер уақыт өте азая бастағанын мәлімдеді. Зерттеу жұмысының нәтижесін жексенбі, 12 шілдеде Handelsblatt неміс газеті жарялаған, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz   Deutsche Welle.-ке сілтеме жасап .

Ғалымдардың сөзінше, дүние жүзі халқы асыға күтіп жүрген коронавирусқа қарсы вакцинаның әсері аз болуы мүмкін. Себебі ол адам коронавирусты қайтадан жұқтырып алмайтынына кепіл бермейді.

«Қауіпсіздік деңгейі жоғары арнайы зертханада өткен тест барысында біз антидене тоғыз науқастың төртеуінде азая бастағанын анықтадық.

Ұзақ уақытқа имммуниеттің қалыптасуына және вакцинаның қалай әсер ететіні белгісіз, ол туралы тек болжам жасауға болады. Бірақ оны жіті бақылауда ұстау керек», — дейді Швабинг ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің бас дәрігері Клеменс Вендтнер.

Сарапшының сөзінше, зерттеу нәтижесі бойынша, вирус жұқтырғандар оны қайтадан жұқтыруы мүмкін.

Вендтер организм инфекциядан қорғану үшін В-лимфоциттер арқылы қалыптасқан иммунитет қана емес, сондай-ақ Т-лимфоциттер арқылы қалыптасқан иммунитет те әсер ететінін айтады. Соңғысы антидене мүлде жоқ болып кеткенде организмді қорғай алады. Т-жасушалар егер организмде бұрын вирус анықталса, онымен күресе алады.

Клеменс Вендтер бастаған зерттеу жұмысы басқа да зерттеу нәтижелеріне сәйкес келеді. Бұған дейін қытайлық ғалымдар Nature Medicine басылымында коронавирус жұқтырған науқастарда антидене азайғанын жариялаған. Бұл, әсіресе, коронавирусты ешқандай белгісіз жұқтырғандарда байқалған.

Сондай-ақ вирусты ауыр өткізгендердің арасында да антидененің азаюы байқалған. Одан бөлек, коронавирустан айыққан науқастардың организмі антиденені аз қалыптастырған, сәйкесінше иммунитет әлсіз болған.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/koronavirustan-ayyikkandardyin-organizmndeg-antidene-azaya-310544/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *