ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ БАЗАРЛАРДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ БАЗАРЛАРДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға байланысты, індеттің алдын алу мақсатында Шымкентте дезинфекциялау шаралары тоқтаусыз жүргізілуде.

 

Еңбекші ауданы әкімі аппараты, жергілікті полиция және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерімен бірге бекітілген мобильдік топтармен халық көп шоғырланатын орындарда аурудың алдын алу іс шаралары бойынша мониторинг жұмыстары атқарылуда. COVID-19 аурушаңдығының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында халықтың көп шоғырланатын орындарында, әсіресе ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Мобильдік топтар тарапынан карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 86 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берілді.

Карантин режимін бұзған 12 коммерциялық нысандарға хаттама толтырылды.
Ағымдағы жылғы 20-21 маусым күндері аудан аумағындағы азық-түлік сататын «Айна», «Көктем» және «Алатау» шағын базарлары және тұрмыстық базарлар жабық болды.

Аталған күндері базар аумақтарында дезинфекциялау, тазалау-сырлау жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *