Таразда Премьер-Министр мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған

Таразда Премьер-Министр мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған

Таразда Премьер-Министр мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған

Таразда Премьер-Министр Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонуға мәжбүр болған.

Оның себептері туралы «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған.

Ұшу кезінде ұшқыш гидравликалық жүйенің істен шыққанын байқаған. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылған.

Ұшу нұсқаулығына сәйкес тікұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды», — деп хабарлады «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Анар Хамитова ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрған. Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

https://www.inform.kz/kz/tarazda-prem-er-ministr-mingen-tikushak-shugyl-turde-zherge-kondy_a3661901

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *