Келесте бөлім басшысы 30 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Келесте бөлім басшысы 30 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Келесте бөлім басшысы 30 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Түркістан облысының Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жемқорлыққа барды деген күдікке ілініп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған адам ірі көлемде, нақтырақ айтқанда 30 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бұл сома – 2019 жыл бойы мен 2020 жылдың мамыр айына дейін «Қызыләскер» қосымша станциясының құрылысы бойынша атқарылған жұмыс актісінің 3 млрд теңгелік сомасының 1 пайызы», — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Күдікті ұсталып, Сарыағаш ауданының ПБ уақытша оқшаулағышына қамалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

https://www.inform.kz/kz/keleste-bolim-basshysy-30-mln-tenge-para-aldy-degen-kudikpen-kamauga-alyndy_a3660579

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *