Елімізде қанша полиция қызметкері коронавирус жұқтырған — ресми жауап

Елімізде қанша полиция қызметкері коронавирус жұқтырған — ресми жауап

Министр полиция қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан мен қылмыстық-атқару жүйесінің КВИ жұқтырған қызметкерлері арасында өлім жағдайы тіркелмегенін де атап өтті.

Сурет : Pixabay9 Маусым 2020, 17:21

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарында қанша қызметкерлер коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлады zakon.kz.

Оның айтуынша, дәрігерлерден басқа полиция қызметкерлері де қауіп-қатер тобына жатады. Блок-бекеттерде 7 мыңға жуық қызметкер қызмет етті. Адамдар көп шоғырланған жерлерде жаяу кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері болды.

«Жалпы, ішкі істер органдарының 589 қызметкері ауруды жұқтырды, оның 419-ы емделіп, жазылды, ал 170-і карантинде емделіп жатыр», — деді министр.

Сондай-ақ ол полиция қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан мен қылмыстық-атқару жүйесінің КВИ жұқтырған қызметкерлері арасында өлім жағдайы тіркелмегенін де атап өтті.

https://kaz.zakon.kz/5026722-el-m-zde-ansha-politsiya-yzmetker.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *