Найзағай, тұман, шаңды дауыл:

Найзағай, тұман, шаңды дауыл:

Еліміздің кей өңірлерінде күн райы бұзылады

Автор: Раяна Ринатовна

Республика бойынша атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты бүгін кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, кей аймақтарда жел күшейіп, батыста шаңды дауыл және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Найзағай, тұман, шаңды дауыл: Еліміздің кей өңірлерінде күн райы бұзылады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысында шаңды дауыл болады деп күтілуде. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Синоптиктер Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында қатты ыстық сақталады деп болжады.

Қызылорда, Павлодар облыстарында және Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

https://kaz.nur.kz/1858614-najzagaj-tman-sady-dauyl-elimizdi-kej-irlerinde-kn-rajy-bzylady.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *