Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырғандардың саны қайта көбейіп жатыр

Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырғандардың саны қайта көбейіп жатыр

Фото: РИА НовостиФото: РИА Новости

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 79 адамнан коронавирус анықталды, — деп хабарлады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, 79 адамның 68-і қаланың орталығында тұратындар. Ал 11-і — шетелден келгендер.

Осылайша елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 11 344-ке жеткен.

Еске салайық, мұның алдында Оңтүстік Кореяда түнгі клубтар ашылғаннан кейін COVID-19 қайта өршіп жатқаны хабарланған еді. Сеулдегі Итхэвон ауданында ашылған түнгі клубтардың салдарынан науқастардың саны 257-ге жеткен.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/ontustk-koreyada-covid-19-juktyirgandardyin-sanyi-kayta-308931/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *