«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді

«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді

«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Евразия + ОРТ» ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге көшірілді.

Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді», — деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында.

Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын жеткізді. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен.

«Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», — деді ол.

https://www.inform.kz/kz/kazmedia-ortalygynyn-zhumysy-katan-rezhimge-koshirildi_a3652715

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *